Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраудағы фельдшердің қазасы: жаңа деректер белгілі болды

597 рет қаралды
Көрнекі сурет

23 жастағы жедел жәрдем қызметкерінің қайғылы өлімі туралы жаңа деректер белгілі болды.

Оқиға 17 тамыз түнде достарының тойында болған. Жанжал төбелеске ұласып, оқ атылған. Жас жігіт сол жерде көз жұмған.

Полиция департаменті хабарлағандай, күдіктілер ұсталып, қамауға алынған. «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жұмыстары жалғасуда.

Марқұмның әріптестері оның бұл оқиғадан аз уақыт бұрын демалысқа шыққанын, спартакиадаға дайындалып жүргенін, Ақтауға билет алып қойғанын айтты.

«Ол жақын арада әке атанатын еді. Өте құнды қызметкер. Бәрі бір сәтте жоқ болды, әлі күнге дейін болған жайтқа сене алар емеспіз», — дейді облыстық жедел жәрдем станциясы.

Жас жігіттің осы жылдың сәуірінде үйленгені белгілі болды. Ақыры тұңғышын көре алмай кетті.

Айгүл МАНСУРОВА

18 тамыз, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.