Атырау, 6 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атыраудағы түнгі марафонға 250-ден астам адам қатысты

292 рет қаралды

Атырауда Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік аясында ерекше форматтағы “Tungi run” жүгіру марафоны өтті. Қала көшелерімен өткен спорттық іс-шараға 18 бен 35 жас аралығындағы 250-ден астам адам қатысты. 

Жас марафоншылар 3 және 5 шақырымдық қашықтықта бақ сынады. Мәреге жеткен қатысушылар арасында І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталып, бағалы сыйлықтар табысталды. 

Ұйымдастырушылар атынан қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында арнайы номинациялар да ұсынылды. Атап айтқанда, “Ең көңілді қатысушы”, “Ең жас қатысушы” және “Үздік костюмдегі жүгіруші” марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

18 тамыз, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.