Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп Зеленский Қырымнан және НАТО-ға кіруден бас тартса, соғысты тоқтата алатынын айтты

257 рет қаралды

Владимир Зеленскийдің Вашингтонға сапары алдында Дональд Трамп Украина Ресеймен соғысты НАТО-дан және Қырымды қайтарудан бас тарту арқылы аяқтай алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Би-би-си.

"Украина президенті Зеленский қаласа, Ресеймен соғысты дереу тоқтата алады немесе күресті жалғастыра алады. Бәрі қалай басталғанын еске түсіріңіз. Обама берген (12 жыл бұрын, бірде-бір оқ атпай!) Қырым қайтарылмайды — және УКРАИНА НАТО-ҒА КІРМЕЙДІ. Кейбір нәрселер ешқашан өзгермейді!!!" — деп жазды ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Украина басшысының Ақ үйге сапары қарсаңында.

Зеленскийді дүйсенбі күні Вашингтонға сапары кезінде Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция және Финляндия басшылары, сондай-ақ НАТО Бас хатшысы және Еурокомиссия басшысы алып жүреді.

"Ертең Ақ үйде маңызды басқосу болады. Ешқашан бір уақытта сонша еуропа көшбасшылары бас қосқан емес. Оларды қабылдау мен үшін үлкен мәртебе", — деп жазды Трамп басқа хабарламасында.

CNN хабарлауынша, Трамптың мәлімдемесі Зеленскийдің Ақ үйдегі кездесу кезінде қандай қысымға тап болатын көрсетеді.

"Ол тізімдеген екі шарт — Украинаның Ресей 2014 жылы заңсыз аннексиялаған Қырымнан бас тартуы және оның НАТО-ға ешқашан кірмеуге келісуі — Владимир Путин соғысты тоқтату үшін ұсынған шарттардың қатарына кіреді", — деп жазады телекомпания.

18 тамыз, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.