Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қашағандағы ГӨЗ құрылысына инспекция: гидросынақтан өтікізіліп, металл конструкциялары монтаждалды

Бейнежазба
258 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр

“QazaqGaz” ҰК”АҚ Басқарма төрағасының жаңа жобалар бойынша орынбасары Батыржан Тергеусізов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады.

Компанияның мәліметі бойынша, құрылыс алаңына 1900 жуық адам, шамамен 370 дана техника жұмылдырылған. Басты назар өнеркәсіптік және өрт сөндіруді қамтамасыз ету және түнгі уақыттағы жұмысты ұйымдастыруға аударылған. Түнгі ауысымға шамамен 105 жұмысшы тартылған. 

Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша прогресс:

  • Көлемі 8000м3 және 2000 м3 резервуарлардың гидравликалық сынағы аяқталды; 
  • НВК-1 (12км астам жерасты құбырлары) гидравликалық сынағы жасалды; 
  • Бүгінгі таңда іргетас құю, металл конструкцияларын, құрал-жабдықтарды монтаждау, РВС-5000 және РВС-1000 резервуарларын, сондай-ақ, сфералы резервуарларды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр; 
  • Сыртқы инженерлік жүйелердің (НВК-2) құрылысы жүруде; 
  • Вахталық қалашықта 132 және 140 орынға шақталған жатақхананың төбесін монтаждау жұмыстары аяқталды, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың төбесін жабу жұмыстары жүруде. 

Жатақханаларда бөлмелерді бөлу жұмыстары жалғасуда;

Бүгінгі таңда орындалған жұмыстар:  

  • Іргетастарды құю бойынша бетон жұмыстары 51 591 м³, прогресс 68,5%
  • Металл конструкцияларының монтажы – 3 798 тонна, прогресс 18,8%. 
  • Механикалық құрал-жабдықтың монтажы – 4057 тонна, прогресс 41,9%. 
  • Резервуарларды монтаждау – 832 тонна, прогресс 30,8%. 
  • Жерасты құбырларының монтажы –18 031м, прогресс 44,5%

Компания өкілдері QazaqGaz құрылыстың барлық кезеңдерінде мерзімдерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын және жұмыс сапасын сақтауға басымдық бере отырып, жобаның іске асырылу барысына тұрақты жүйелі мониторинг жүргізетінін атап өтті.


18 тамыз, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.