
Атырау қаласында бір жасар бала пәтерде жалғыз қалып қойды: есік жабылып қалып, ТЖМ қызметкерлері көмекке келді.
Ведомствоның хабарлауынша, анасы шамалы уақытқа сыртқа шығып кеткен кезде, есік өздігінен жабылып қалып, бала ішке қалып қойған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар кіреберіс есікті ашты. Бала зардап шеккен жоқ.
Құтқарушыларды көрген балақай қуанып, тез арада көмек көрсетілгені үшін анасы оларға алғысын білдірді.
ТЖМ ата-аналарға ескерту жасады: кішкентай балаларды тіпті қысқа уақытқа да жалғыз қалдырмаңыздар. Ашық балкон, терезе мен жабық есік — бала өмірі мен дженсаулығына өте қауіпті.
В Атырау +4