
Жаңа оқу жылы қарсаңында Атырау қаласындағы екі жоғары оқу орны — Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті мен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті — студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге толық дайын.
Мұнай және газ университетінің екі жатақханасы (376 орын) санитариялық талаптарға сай жөнделіп, жиһаз және тұрмыстық техникамен жабдықталған. Кір жуатын бөлме, ас үй, демалыс аймағы мен интернет желісі де бар. Университеттің PR орталығының жетекшісі Бақытгүл Бабаштың айтуынша, қызметкерлер құрамы жаңа маусымға толық дайын.
Ал Халел Досмұхамедов атындағы университетте 1200 орындық үш жатақхана жұмыс істейді. Құжаттар Platonus жүйесі арқылы онлайн қабылдануда. Жастар саясаты департаментінің маманы Эльвира Әділова бөлмелерде барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті: заманауи жиһаз, оқу және демалыс бөлмелері, бейнебақылау мен қауіпсіздік қызметі бар.
Қазіргі таңда өңірде студенттерге арналған жатақхана тапшылығы байқалмайды. Дегенмен, Атырау университетінің ескі жатақханаларының бірі алдағы уақытта сүріліп, орнына жаңа ғимарат салу жоспарланған.
Бұл бастама жастардың білім алуына қолайлы жағдай жасап, оқу процесіне толықтай көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.
В Атырау 0