
Атыраудың мерекелер орталығы әрі рухани символына айналған Исатай мен Махамбет алаңы бүгінде қала тұрғындарын траншеялармен, сынған плиткалармен және мүжілген ескерткіш тұғырымен қарсы алады.
Жаяу жүргіншілер аймағында қазба жұмыстары жүргізілуде, ол жерлер жыртылған лентамен белгіленген. Плиткалар алынып тасталған немесе жарылып кеткен, айналада құрылыс материалдарының үйінділері жатыр. Ескерткіштің тұғыры сөгіліп, бетондағы жарықтар мен арматура көрініп тұр.
Кейбір шамдар ескерту лентасымен оралған, ал гүлзар маңындағы плиткалар түсіп қалған.
— Біз бұл алаңмен мақтанамыз, бірақ қазіргі күйін көргенде жүрек ауырады. Мерекелер жақындап қалды, ал бұл жерде балалармен серуендеудің өзі қауіпті, — дейді қала тұрғыны Ерболат.
Әкімдіктегілердің айтуынша, алаңда жаңа электр желісі тартылып жатыр және мәрмәр жабындыны ауыстыру жоспарланған. Алайда әзірге бұл алаңнан гөрі қараусыз қалған құрылыс алаңына көбірек ұқсайды.
Айгүл МАНСҰРОВА
Суретті түсірген автор
В Атырау 0 


