
Атырау облысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің бақылауындағы Жалпыұлттық пул шеңберінде жалпы құны 108 млрд теңгені құрайтын 22 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл бастамалар өңір экономикасының түрлі бағыттарын қамтып, шамамен 1500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Гүлфайруз Маратованың айтуынша, биыл облыста пул аясында алты жоба іске қосылды. Олардың қатарында:
-
FFS қаптарын шығаратын зауыт,
-
құбырлар мен жабдықтарға арналған бөлшектер өндірісі,
-
тауық етінен жартылай фабрикаттар шығару,
-
№6 турбоагрегатты ауыстыру,
-
вагон дөңгелек шеберханасы,
-
Farabi International School жекеменшік мектебі бар.
Жыл соңына дейін тағы 16 жоба пайдалануға беріледі. Олардың ішінде құс фабрикасы, сұйытылған газ қоймасы, тауарлы балық шаруашылығы, жылыжай кешені, көкөніс сақтау қоймалары, кемпингтер, штапельді талшық пен полипропилен геотөсем өндірісі, дәнекерлеу және сервистік цехтар, құрама жем зауыты, жаңа мектептер, қонақ үй және әкімшілік кеңсе құрылысы бар.
В Атырау 0