
Индер ауданында инфрақұрылымды жаңғырту аясында жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын жолдар салынып жатыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Индербор кентінің Болашақ шағынауданында 12 шақырымдық автокөлік және жаяу жүргіншілер жолы төселуде. Құрылысқа 15 техника мен 33 жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңда алты көшеге инертті материалдар төселіп болды.
Шығыс шағынауданында да ұзындығы 5 шақырым болатын жол құрылысы қарқынды жүруде. Мұнда 14 техника еңбек етіп, нысан биыл толық аяқталмақ.
Индербор кентінің өзінде 10,4 шақырымдық жол салу жұмыстары былтыр басталып, биыл желтоқсанда тәмамдалады деп жоспарланған. Бұл учаскеде 9 техника жұмыс істеп жатыр.
Ауылдық округтер де назардан тыс қалған жоқ. Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында ауылішілік жолдар салынуда. Жарсуатта 9 техника, Құрылыс ауылында 7 техника еңбек етуде. Ал жақын уақытта Бөдене ауылында 3,7 шақырымдық жол құрылысы басталады.
Аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасовтың айтуынша, инфрақұрылымды дамыту тек жол салумен шектелмейді. Соңғы екі айда Аруана кешеніне толық кәріз жүйесі тартылып, Аққала ауылындағы су тазарту қондырғысы күрделі жөндеуден өтуде.
В Атырау 0