
Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жетібай кен орнында қауіпсіздікке бағытталған TUMAR интеллектуалды жүйесінің жұмысымен танысты.
Жаңа жоба ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу, сондай-ақ қауіпті технологиялық операциялар кезінде өндірістегі оқыс жағдайлардың алдын алуға және қызметкерлердің қауіпсіздігін қорғауға арналған.
TUMAR ережебұзушылықтарды автоматты түрде анықтап, тәуекел туындағанда жарық немесе дыбыстық сигнал береді. Жүйені әзірлеу кезінде 15 мыңға жуық бейнесурет талданып, 16 санатқа бөлінген 183 мыңнан астам нысан белгіленді.
Интеллектуалды жүйе машиналық оқыту мен компьютерлік көру технологияларына негізделген үш негізгі функцияны қамтиды:
-
жеке қорғаныс құралдарын пайдалануын қадағалау;
-
гидравликалық кілтпен жұмыс кезіндегі қауіпті әрекеттерді анықтау;
-
қауіпті аймаққа бақылау жүргізу.
2024 жылы TUMAR Жетібай кен орнында бір бригадада сынақтан өтті. Қазір ол Жетібай және Қаламқас кен орындарындағы 10 бригадада пилоттық режимде қолданылуда. Жыл соңына дейін жүйені «Oil Services Company» ЖШС-нің 60 бригадасына енгізу жоспарланып отыр.
«ҚазМұнайГаз» өндірістік қауіпсіздікті басым бағыт ретінде белгілеп, жасанды интеллектке негізделген озық технологияларды енгізуді жалғастыруда.
В Атырау +4