
Алмалы округінде жедел жәрдем қызметін көрсетіп жүрген УАЗ маркалы көлік техникалық тұрғыдан әбден ескірген. Тұрғындардың айтуынша, жолда қатты салдырлауы науқастың жағдайын одан әрі нашарлатып, қинайды.
- Алмалы елді мекенінің емханасына жаңа жедел жәрдем көлігін беру жоспарда бар ма? Бұрынғы ескі УАЗ-бен жүру қиын. Бүгін жолдасымды сол көлікпен алып бардық. Өзі ауырып тұрған адамға оның ішінде отырудың өзі азап болды. Көлік салдырлап, ауруханаға әрең жеттік. Алдымен облыстық ауруханаға, кейін черный речкадағы ауруханаға апарды. Ауыр науқас түгілі, сау адамның өзі шыдай алмайды, - дейді Элья есімді тұрғын.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, №3 Атырау қалалық емханасына қарайтын Алмалы дәрігерлік амбулаториясына уақытша УАЗ көлігі берілген.
Алмалыда ауыл арасында және кейбір шеткі көшелерде асфальт жолдар жоқ. Салдарынан 2023 жылы берілген ГАЗ 27527-245 маркалы автокөлік бұзылып, жөндеуге жіберілген. Осыған байланысты Алмалы тұрғындары уақытша УАЗ-396295-336 маркалы көлікті пайдалануға мәжбүр, деп жауап берді "АЖ" сауалына денсаулық басқарамасынан.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +4