Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау облысы және тағы жеті өңірде мектепте жөндеу аяқталған жоқ - Бектенов тездетуді тапсырды

342 рет қаралды

Үкімет отырысында Премьер-министр еліміздің мектептерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Бірқатар өңірде 34 мектеп бойынша жұмыс қарқыны баяу екені айтылды. Бұлар – Алматы қаласы, Абай, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Аталған өңір әкімдері жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуын тікелей бақылауына  алсын. Сонымен қатар физика, химия, биология, робототехника сияқты арнаулы кабинеттерді дер кезінде сатып алу да өзекті мәселе. Қыркүйек айына дейін кемінде 200 пәндік кабинетті жабдықтау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.  
12 тамыз, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.