Атырау, 5 желтоқсан 07:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда заманауи перинаталдық орталық салынады​: президенттің тапсырмасы 12 өңірде жүзеге асырылады

432 рет қаралды
Көрнекі сурет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 12 заманауи перинаталдық орталық салынады, оның бірі Атырауда ашылады. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министі Ақмарал Әлназарова хабарлады.

Жаңа нысандар Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Қарағанды, Қаскелең, Қостанай, Қызылорда, Орал қалаларында және Түркістан облысының Темірлан ауылында бой көтермек.

Жобаның мақсаты — еліміздің барлық аймақтарында, соның ішінде көші-қон мен демографиялық көрсеткіштері жоғары болғандықтан денсаулық сақтау жүйесін күшейтуді қажет ететін мұнайлы өңірде ана мен сәбиге көрсетілетін көмектің сапасын жақсартып, қолжетімді ету.

Орталықтардың құрылысы ана мен бала өлімін азайту және босандыру инфрақұрылымын жаңғырту бойынша кешенді шаралардың бір бөлігі болады.


5 тамыз, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.