
«Январцево» шекаралық гидропостының мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы алты айында Жайық өзені арқылы Ресейден Қазақстанға 6,43 миллиард текше метрден астам су келді.
Трансшекаралық Жайық өзенінің ағысының 80%-ға жуығы Ресей Федерациясының аумағында қалыптасады. Қазақстанда бұл өзен Атырау облысы аумағында Каспий теңізіне құяды.
— «Өзен суын бөлу 1996 жылдың 20 маусымында қабылданған Жайық өзенінің трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау, су шаруашылығы қызметін үйлестіру туралы Протоколмен реттеледі. Құжатта Ресей тарапының Қазақстанға ай сайын жіберетін су көлемі көрсетілген», — деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қытай және Ресеймен су серіктестігін басқару бөлімінің басшысы Нагима Ажигулова.
5 тамыз, 09:35
В Атырау +4