
Тек соңғы айларда Құлсарыда 500-ден астам санитариялық норма бұзушылықтары анықталған – және бұл, шамасы, қоқыс мәселесінің тек бір бөлігі ғана.
Құлсары қаласында санитариялық тазалық пен абаттандыру ережелерін түсіндіру және қадағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, қала бойынша 756 нысан тексеріліп, 154 нысан иесіне ауызша ескерту жасалған. 569 нысанға қатысты әкімшілік хаттама рәсімделіп, оның 238-і – полиция тарапынан, 318-і – қала әкімдігі арқылы толтырылған.

318 тұрғын үй мен 13 кәсіпкерлік нысан жауапкершілікке тартылды. Себебі тұрғындар мен кәсіп иелері тұрмыстық қатты қалдықтар мен құрылыс материалдарын белгіленбеген орындарға тастап, абаттандыру ережесін өрескел бұзған.

Тұрғындар мен кәсіп иелері ҚР ӘҚБтК 505-бабының 1-бөлігі бойынша («Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу және жасыл желекті бүлдіру») әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +4