Атырау, 21 желтоқсан 21:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Атырау өңірінде сәбидің барлығы дерлік БЦЖ екпесін алды

681 рет қаралды

Жыл басынан бері Атырау облысында туберкулездің алдын алу мақсатында барлығы 6 250 балаға БЦЖ вакцинасы егілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 94,1% құрайды.

Перзентханаларда 993 бала вакцина алды. Бұл көрсеткіш 1 жасқа дейінгі сәбилердің 91,3%-ын қамтыды. Айта кетерлігі, вакцинадан кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.

⁃ Аудандық деңгейде туберкулезге қарсы вакцинамен қамту көрсеткіштері бірқалыпты жоғары деңгейде сақталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында қамтылу көрсеткіші 90,8%-ды құрап, вакцинадан кейінгі асқыну жағдайы тіркелмеді. Жылыой ауданында қамту деңгейі 92,5% болды, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.

Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы және Махамбет аудандарында 1 жасқа дейінгі балалардың вакцинамен қамтылуы 100% деңгейінде жүзеге асты. Ал Мақат ауданында бұл көрсеткіш 94,4%-ды құрады.

Учаскелер бойынша вакцина алғандар саны – 131 бала. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 113. Бұл жас тобы бойынша қамтылу деңгейі 50,4%-ды құрады. Вакцинадан кейінгі асқынулар бұл жолы да тіркелген жоқ.

Мамандардың айтуынша, облыс бойынша вакциналау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, барлық қауіпсіздік талаптары толық сақталған.

18 шілде, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.