INFORM.KZ. "Қытай - Қазақстанның ірі сауда әріптесі, ал Қазақстан Қытайдың ТМД аймағындағы сауда әріптестерінің арасында екінші орын алады - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин" - Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ҚХР басшысы ретінде Қазақстанға ағымдағы жылдың 6-7 қыркүйектегі алғашқы мемлекеттік сапары алдында сұхбат берді.
ZHASALASH.KZ. "Әлем үшiншi дүниежүзiлiк соғыстың алдында тұр" - Сирия үкiметiнiң бейбiт халыққа қарсы химиялық қару қолданғанына сенiмдi АҚШ-тың әскери операция жүргiзбек ойы бар. Бұл туралы АҚШ президентi Барак Обама мәлiмдедi. Алайда бұл шешiмдi 9 қыркүйек күнi жұмысқа шығатын конгресс мақұлдауы тиiс. Әзiрге АҚШ-тың бұл бастамасын НАТО елдерiнен тек Франция ғана қолдап отыр. Ресей Башар Асад күштерiнiң химиялық қару қолданғанына күмән келтiредi.
"“Хэмконың” қиғылығы “қыранға” кесапат болды..." - “Хэмкодан” өзге “АқтасМ”, “Карьер” сияқты бiрнеше ЖШС бар Хамедовтiң кiм екенiн интернеттен-ақ бiлуге болады. Мұнан екi жыл бұрын ол Қарулы күштердiң 23 офицерiнiң отбасын зар қақтырған. Офицерлердiң отбасылары олардың үйлерiне жақын жерден заңсыз түрде бетон зауытын ашып, өздерiн уландырып отырған Абулфас Хамедовке жария түрде наразылық танытты. Әскерилерге арналған жатақхананы сатып алған бұл мырза, оған жақын жатқан жерге де қол салады. Нәтижесiнде, 400 шаршы метр жердiң жасыл желегi зардап шегедi. Кейiн белгiлi болғандай, әскерилерге арналған жерге Хамедов сауна мен мейрамхана салмақ болған. Сол кезде бұл заңсыздықты тоқтату үшiн, құқық қорғаушы Вадим Курамшин ара түскен болатын. Хамедов ойлағанын iске асыра алмады, бiрақ ол қазған терең ордың зардабынан адамдар жылусыз, сусыз қалып, антисанитарлық жағдайда күн кешуге мәжбүр болған едi.
"Атамбаев өзiнен бастады..." - Әрине, қырғыз басшысын судан таза, сүттен ақ дей алмаймыз. Бiрақ жиған-тергенiн жұрттан жасырмай жария етуiнiң өзi – азаматтықпен пара-пар дүние. Ал бiзде ше? Өткен жылы ма, арғы жылы ма, әйтеуiр “Нұр Отан” партиясы “Өзiңнен баста” дейтiн бiр әдемi акцияны бастап берген. Әйтсе де бастамаға бас қойып, “мiне – менiкi” деп жатқандар жоқтың қасы.
AIKYN.KZ. "Орбұлақ шайқасының құпиясы" - Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтеді. Жәңгір жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанады. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық Орбұлақ шайқасында осы 600 қазақ сарбазы 50 мың жоңғар қолын тас-талқан етіп жеңеді. 600 адамның 50 мың адамды жеңуі бізге аңыз секілді көрінгенмен, шындық солай. Отандық тарихнаманың осы айтулы оқиғасы қалай болды? Жеңіске жету үшін Жәңгір хан қандай қосымша тактика қолданды?
«Зульфия қытай азаматын таңдады» - «Зульфия Чиншанло тұрмысқа шықты» деп хабарлады vesti.kz. Ауыр атлетші арудың неке қию рәсімі биылғы жаздың алғашқы айында жасырын түрде өткен көрінеді. Әлемнің екі дүркін және Олимпиада чемпионы өмірлік серік болуға қытай азаматын таңдапты.
ALASHAINASY.KZ. «Әйелдерді гендер қорғайды, ерлерді кімдер қолдайды?» - Бүгінгі қоғам үшін еркектің денсаулығы медицинаның шеңберінен шығып, жалпыадамзаттық проблемаға айналды және мемлекет пен жеке адамның назар аударуын қажет ететін әлеуметтік мәселе статусын алды. Ерлердің денсаулығы ұлттың, ұрпақтың болашағымен тікелей байланысты десек, әйел ғана емес, әлем арқа сүйеген ерлердің белсіздік, эрекция функциясының бұзылысы, басқа да урологиялық аурулары үлкен проблемаға айналғаны ащы да болса шындық екенін мойындауға тура келеді.
AZATTYQ.ORG. «Бала өлімі азайғанымен, қауіп әлі бар» - БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) деректері бойынша, Қазақстанда бала өлімі 65 пайызға азайған. Дәрігерлер дұрыс күтім жасаса, бұдан да көп баланы аман алып қалуға болатынын айтады.
«Шығыны көп мақтаны алмастырар материал бар» - Орталық Азияда мақта жинау науқаны басталғанда адамды күштеп жұмысқа жегу мен суды босқа шығындау мәселесі сөз болады. Осы кезде «мақтаға тәуелділіктен құтылу керек» деген пікір де айтылады.
BNEWS.KZ. «Еңбек нарығын болжауда шетел тәжірибесіне сүйенген жөн» - Теңсіздік проблемасы өте қарапайым жолмен шешіледі, біріншіден, жұмыс берушілер негізінен қайта біліктіліктен өту бойынша шығындарды қызметкердің өзіне жүктейді (ерекше және жоғары біліктілікті талап ететін өнеркәсіп секторлары, жоғары технологиялы салаларды ұсынады), бұдан «асыра көрсетілген» екінші жоғары білім институты шығады. Екіншіден, жұмыс берушілер жалақы ставкасын төмендету түрінде қызметкерлердің «айыппұлы» үшін жұмыс берушілер қосымша мүмкіндік алады, өйткені мамандар қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келмейді.
NAMYS.KZ. «Құл-Керім Елемес. Қанымызды былғап жүрген қазақ қызы емес» - Бұл мақала сайтымызда бұдан бірнеше ай бұрын жарияланған болатын. Десе де маңызын жоғалтқан емес. Автордың қазақ қыздарына қатысты ойларын тағы да есімізге түсіріп, таразылайық. Оқымасаңыз, міндетті түрде оқыңыз.
«Кеулімжай ҚҰТТИЕВ. Қауіп: көгілдірлер мен лесбилердің саясаты күш алды» - Еуропа азғындардың ұясына айналып барады. Адамзат қоғамы азып барады. Ғасырдың басында жезөкшелікке жиіркеніш білдірген адам баласы бүгінде оны да «мойындап», өмірдің бір құбылысы ретінде қарайтынды шығарды. Тіпті батыс мемлекеттері жезөкшелікті қалыпты жағдай ретінде бағалап отыр. Рұқсат беріп қойды...
ZHEBE.COM. «Жарылқап Қалыбайды не үшін қамауға алды?» - «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылғап Қалыбай мырзаны үш күнге абақтыға жапқаны туралы ақпарат шықты. Істің мән-жайын білмекке хабарласқанымызды телефонды Жарылғап Қалыбайдың ұлы Бекзат Қалыбай көтерді.
«Сегіз сенатор...» - Күні кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға сәйкес Парламент Сенатының 15 депутатын тағайындады. Су жаңа сегіз сенаторлардың ішінде Б.Әйтімова, А.Бейсенбаев, С.Громов, Л.Қиынов, Г.Ким, Д.Қосдәулетов С.Нөгербеков, Н.Оразалин бар. Ал қалған жеті сенатор өзінің жылы орнын сақтап қалды. Сондай-ақ Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Болат Жылқышиев, Ғани Қасымов, Оралбай Әбдікәрімов, Александр Судьин, Юрий Цхайдың сенаторлық мерзімі аяқталды. Бұқаралық ақпарат құралдары осы сегіз сенатордың ішінде әсіресе Ғани Қасымовты ерекше жоқтап жатыр. Журналистердің оны жоқтайтынындай жөні бар, экс-сенатор Парламентте ара-тұра айғай-шу шығарып, тіпті Кеден одағына қарсы пікір білдіріп тұрушы еді.
NUR.KZ. «Қоғам өкілдері елді дүр сілкіндірген оқиғаға өз бағасын берді» - Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке әнші Қайрат Нұртастың да, тіпті тәртіпсіздікке бой алдырған жастардың да кінәсі жоқ. Елді дүр сілкіндірген оқиғаны осылай бағалаған кейбір қоғам өкілдері, бұған 20 жылдан астам уақыт жастар саясатын дұрыс жүргізбеген билік кінәлі дейді.