Атырау, 5 желтоқсан 08:02
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Ақтөбелік шенеунік Бергей Рысқалиевтың бұрынғы ​пәтерін заңсыз жекешелендірген болуы мүмкін

604 рет қаралды

Shapalaq.kz хабарлауынша, Ақтөбе қаласының тұрғын үй бөлімі қызметкерлері, соның ішінде экс-басшы Жандос Алимов, қызметтік өкілеттілікті теріс пайдаланып, 2021-2024 жылдары мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан 33 пәтерді заңсыз жекешелендірген деп күдікке ілінді.

Прокуратура тергеуді бастап, осы істің негізгі фигуранты ретінде Жандос Алимовты анықтаған. Қазір ол Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасын басқарады.

Материалдарға сәйкес, Алимов бөлім басшысы және комиссия мүшесі ретінде өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің шындыққа сай екендігін тексермеген. Соның салдарынан, мемлекетке тиесілі, тозығы жетпеген 33 пәтер заңсыз иелеріне берілген. Бұл пәтерлердің басым бөлігі тұрғын үй бөлімінің қызметкерлерінің иелігінде.

Заңсыз жекешелендіруден келген шығын сомасы прокуратура есептеуінше – 122 586 779 теңге.

Олардың арасында орталықтағы, бұрын Бергей Рысқалиевқа тиесілі және сот үкімімен тәркіленген пәтер де бар.

16 шілде, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.