Атырау, 23 желтоқсан 22:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Полицей парамен ұсталды

2 686 просмотра

Қаржы полициясының қызметкерлері әскери полицейді пара алды деген күдікпен ұстады.

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің баспасөз конференциясында хабарлағандай, әскери бөлімдердің біріндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы өз мекемесіне жаңа қызметкерді жұмысқа орналастыруға көмектескен. Көмектескені үшін және қызметінің жоғарылауына әрі қарай қолдау көрсету үшін ол алғашқы, содан соң екінші еңбекақысын талап еткен. Бұған төзе алмаған қызметкер қаржы полициясына арыз жазыпты. Нәтижесінде әскери полицейді 70 мың теңге пара алу кезінде ұстаған. Ол басқа жаққа шықпау туралы қолхатпен босатылған.

Лев ГУЗИКОВ

20 сәуір 2011, 21:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.