Атырау, 6 желтоқсан 02:41
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда қарлығаштың ұяларын экскаватормен көміп тастаған

Бейнежазба
930 рет қаралды
Фото poknok.art

Индер ауданы мен Батыс Қазақстан облысының шекарасы арасындағы учаскеде «ҚазТрансГаз» АҚ үшін газ құбырын төсеп жатқан жұмысшылар қазылған орларды тірі қарлығаштың балапандарымен бірге еш ойланбастан көміп тастаған.

Экскаваторшы Асқар Иманғали техниканы тоқтатуға тырысқан. Ол ордың ішінен шырылдаған дыбысты естіп, жақындап барғанда ондаған кішкентай сұр қарлығаштың балапандарын көрген. «Мен көме алмадым. Жұмыстан шығарып жіберсе де, оларды көме алмаймын», — дейді Асқар. Ол бұл сәтті видеоға түсіріп, компания басшылығына жолдаған. Теңіз кен орнында осындай жағдайда шетелдік мамандардың құрылыс жұмыстарын балапандар өскенше уақытша тоқтатқанын еске салған.

Бірақ, бұл – Теңіз емес. Келесі күні техника жұмысын қайта жалғастырды, орлар көміліп тасталды, ал Иманғалиды басқа оператормен алмастырды.

«Мен оларды тоқтата алмадым. Мұны көру маған өте ауыр тиді. Сондықтан өзімді басқа учаскеге ауыстыруды сұрадым», – дейді ол.

Орнитологтардың айтуынша, сұр қарлығаш – жыл құсы. Олар көктемде Қазақстанға қайта оралып, ұрпақ өрбітеді. Әдетте жартастардың жарықтарында, үңгірлер мен ағаш қуыстарында ұя салады. Алайда тыныш болса, ордың ішінде де ұялап, балапан басуы мүмкін.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты: «Кім адамдық танытты — әлсіздерді қорғауға тырысқан жан ба, әлде «жоспар кешікпесін» деп, бәрін елемегендер ме? Расында да, шелектің астынан шыққан шырылға назар аударудың қажеті қанша, егер алда – жоспар мен құбыр тұрса?» — деген сұрақ қойып жатыр.

Айгүл МАНСУРОВА

4 шілде, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.