Атырау, 23 желтоқсан 22:16
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Көкөніс өсірушілер үшін субсидия көбейді

3 874 просмотра

Облыстық әкімдік көкөніс-бақша дақылдарын өсірушілерге облыс бюджетінен бөлінетін субсидияларды көбейту жөнінде үкіметпен келісімге келді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Тілек ӘМІРОВ хабарлағандай, картоп өсірумен айналысатын жұмысшыларға берілетін субсидиялар бір гектар үшін екі мыңнан жиырма мың теңгеге дейін көбейген. Жергілікті билік өкілдері облысымыздың «екінші нанмен» бар болғаны 25 пайызға қамтылғандығына, ал картоптың қазіргі бағасындағы негізгі үлесті басқа аймақтардан әкелу кезіндегі тасымал шығындары құрайтындығына үкіметтің көзін жеткізген.

Сондай-ақ, дәстүрлі технология бойынша көкөніс-бақша дақылдарын өсірушілер үшін субсидия бір гектар үшін 9 мыңнан 15 мың теңгеге дейін көбейді. Тамшылатып суару әдісін қолдану арқылы қияр мен қызан өсіретіндер үшін көмек бұрынғы мөлшерде қалды. Ол бір гектар үшін 24 мың теңге болатын. Дәнді дақылдар (арпа, тары) және май дақылдарын өсіретіндер үшін субсидиялар өзгеріссіз қалды. Олардың мөлшері бір гектар үшін тиісінше 400 теңге және 3,4 мың теңге құрайды. Жоңышқа өсіретін шаруалар үшін субсидиялар бір гектар үшін 400 теңгеден 9 мың теңгеге дейін өсті (әңгіме көпжылдық дақылдар туралы болып отыр, өткен жылғы шөп үшін бір гектарға 900 теңге береді).

Тыңайтқыштарды сатып алу субсидиялары бұрынғы мөлшерде қалды. Аммиак селитрасын, суперфосфатты, аммофосты, хлорлы калийді, нитроаммофосты, супрефосты 50 пайыздық жеңілдікпен, ал жабық топырақта көкөніс өсіру үшін қажетті калийдің, магнийдің, кальцийдің химиялық қосындыларын 20 пайыздық жеңілдікпен алуға болады.

Бағбандар үшін субсидиялар бұрынғыша қалды. Шаруашылығын қолға алып, бақшасына күтім жасайтын алғашқы жылында шаруа бір гектар бақша дақылы үшін 450 мың теңге алады. Екінші жыл үшін субсидия - 26 мың теңге, үшінші жыл үшін - 29 мың теңге. Алайда субсидиялау ережесіне өзгерістер енгізілген. Енді 5 гектардан кем болмайтын бақша егетін алаңдарды тамшылатып суару және жеміс ағаштарының аудандастырылған сұрыптарын қолдану міндетті шарт боп табылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 сәуір 2011, 21:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.