Атырау, 19 желтоқсан 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қазақша оқулыққа қандай талап қажет?". "Жастар қақтығысына «кінәлілерді іздеу» басталды". "Алматыдағы тәртіпсіздіктен 90 адам зардап шеккен". "Алмазбек Атамбаев: Элитаны өзгертетін уақыт келді". "Қазақстандағы діни білім беру жүйесі қандай?".

2 178 просмотра

TURKYSTAN.KZ. "Жат жерде «жазықты» болғандар" - АҚШ-та екі қазақ студентіне қатысты істі алқабилер қарауы мүмкін.

"Қашаған мұнайын қашан пайдаланамыз?" - Қазақстандағы Қашаған кен орнын шетелдік инвесторлардың игере бастағанына 15 жылдай уақыт болды. Солтүстік Каспий жобасы аталған бұл кен орнының қоры әлемде теңдессіз болып саналады. NCOC компаниясының есебі бойынша, мұндағы мұнай қоры 11 миллиард баррельге бағаланып отырса, жалпы геологиялық шикізат қоры – 35 миллиард баррельге дейін. Аляскада 1968 жылы Прудхо-Бэй мұнай кен орны осындай ірі мұнай қорымен ашылған екен. Қашаған – сол кен орнынан кейінгі екінші орынға ие.

EGEMEN.KZ. "Төр Алтай – түбі бір түркі жұртының басын қосты" - Шығыс өңірінде биыл екінші мәрте ұйымдастырылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форум табысты өтті. Әлемнің 12 елінен және Ресей құрамындағы түркітілдес елдерден келген өкілдер қатысқан жиын екі күнге созылды.

"Казачество қоғамдық ұйым ба?" - Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп дамыды. Орыс­тардан шыққан казактар бұған тәнті бол­ғандығын олардың жылнамаларындағы деректер айғақтайды. 1444 жылы қоршауда қалған Мәс­кеуге казактар келіп, татарлармен соғысады. 1517 жылы Украинада Белгородқа (Аккерман) шабуыл жасайды. Көшпелі түркілерде еркін өмірді аңсаушылық, ша­һарларға шапқыншылық ұйымдастыру орыс казак­та­рынан бұрын басталған... Алтын орданың ыдырауы ке­зінде ұсақ халықтар арасындағы талас-тартыстың сал­дарынан әртүрлі рулар далаға қоныс аударып, қазақ қауым­дарын құра бастады. Сондай-ақ, орыс казактары да әр тек­тес тайпалардан одақ құрып, казактар деген атауға ие болды.

ALASHAINASY.KZ. "Ата Заңның әлеуетін толығымен пайдалана алып отырмыз ба?" - Қазіргі жағдайда бұл міндетті толық­қанды орындау мүмкін бе? Әрине, жоқ... Екіншіден, әр азаматымыз мем­лекет­тің қолдауымен тегін білім алуға, тегін ем­делуге немесе өз мүмкіндігін толық пай­даланып еңбек етуге құқылы делік. Заң жүзінде бәрі қамтылған, бәрі орынды. Бірақ кей жағдайларда мектептерде ақша жинау, ЖОО ұстаздарының парақорлығы, дәрігерлердің Гиппократ антына адал болмай, науқастан пара талап етуі деген секілді деректер көбейіп кеткенін көргенде Ата Заңның әлеуетіне ыждағатты болу керек екендігін түсінесіз.

"Әкімқаралар қазақ мектептерін ашуға неге құлықсыз?!" - Биылғы оқу жылында Алматы қаласы бойынша 10 мыңнан астам оқушыға орын жетіспейді. Бұл туралы тамыз кеңесінде Алматы қалалық білім беру басқармасының бастығы Рахат Шимашева мәлімдеді. Айта кетер жайт – бұл мәселе әсіресе қазақ мектептеріне қатысты болып отыр. Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында республикамыздың әр аумағында, ауылдық жерлерде бала санының жетіспеушілігіне және мектептердің апатты жағдайда деп танылуына орай ондаған мектеп жабылады. Биыл да еліміздің әр өңірінде көптеген мектеп жабылды. Ауылда мектеп жабылса, қалада орын жоқ болса, сонда қазақ баласы қайда барып білім алуы керек?

AIKYN.KZ. "Еуропада қазақ ғалымы әлем назарын аударған зерттеуге қатысуда" - Бүгінде әлем ғалымдарының, әсіресе, физиктердің назары Еуропа ядролық зерттеулер орталығындағы андронды коллайдерге ауған. Швейцарияда орналасқан орталықта бұған дейін адамзат баласы сынақ түрінде ала алмаған жаңа элементар бөлшектерге қол жеткізу үшін 3 мыңға тарта ғалым зерттеу жүргізуде.  Жаһан назарын өзіне аударған Женевадағы зерттеу жұмысына жұмылдырылған ғалымдардың арасында Рүстем Оспанов барын  естігенде, елең еткен едік. 

"Елорданың ерекшелігі неде?" - Азғана уақыттың ішінде Сарыарқаның кең даласында қазақстандықтар мен астаналықтарды ғана тамсандырып қоймай, елімізге аяқ басқан барлық қонақтарымызды да таңқалдырған әдемі, көркем, жаңа қала пайда болды.

"Қазақша оқулыққа қандай талап қажет?" - Қазақ тілінде оқытатын мектептер де, жоғары оқу орындары да көбейгендіктен, бұл үрдіс аталған білім ордаларында ғылым-білімді қазақ тілінде оқытуды алғы шепке шығарды.

AZATTYQ.ORG. "Жастар қақтығысына «кінәлілерді іздеу» басталды" - Қайрат Нұртас қатысқан концерттен соң туған жаппай тәртіпсіздіктің себебі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, ұйымдастырушылар, билік орындары мен әншінің өзі бір-біріне сілтей сөйледі.

"Алматыдағы тәртіпсіздіктен 90 адам зардап шеккен" - Басқарманың ақпаратына қарағанда, 90 адамның сегізі (арасында құқық қорғау органының екі қызметкері, бір өрт сөндіруші бар) ауруханаға жатқызылған.

"Марсқа ұшуға кемінде 4 қазақстандық өтініш берген" - Тамыздың 31-і күні Марсты игеруді мақсат тұтқан жобаға қатысқысы келетін адамдардан өтініш қабылдау аяқталды. Нидерландық компания 2022 жылы алғашқы 4 адамды тарихи сапарға аттандырмақ.

"Жалдамалы әскерге автовокзалда үгіттеп жүр" - Қазақстан армиясын келісім-шарт негізіндегі әскери қызметке көшірмек. Жалдамалы сарбазға тәуір жалақы төлеуге уәде береді. Азаттық тілшісі кәсіби армияда қызмет етуге шақырған үгіт орындарының бірінде болды.

"Алмазбек Атамбаев: Элитаны өзгертетін уақыт келді" - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Азаттық радиосы Қырғыз редакциясына берген эксклюзив сұхбатынан үзінділер ұсынамыз.

ZHASALASH.KZ. "Күлпаш Өтемiсова мемлекет басшысынан үмiт күтедi" - “Жас Алаштың” өткен нөмiрiнде “Басшылар маған қысым жасады” деген мақала жарияланды. Онда Алматы қалалық сотының судьясы Күлпәш Өтемiсованың не үшiн басшылықтан қысым көргенi айтылған. Дүйсенбi күнi судья К.Өтемiсованы және қылмыстық iстер жөнiндегi алқа төрағасы Л.Мерекеновтi сот жюриi жұмыстан шеттетiптi. Ендi мәселеге нүкте қою – мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың құзырындағы шаруа.

HALYKSOZI.KZ. "Жамақтың ұлы Бейбарысты арабтар қалай аңыз қылды?" - Мұқабасындағы жазуы мен суреті сары алтындай жарқыраған бұл қызыл кітап «Бейбарыс» деп аталады. Атақты Бейбарыс сұлтан туралы арабтардың халықтық романы. ХVI ғасырдың туындысына жатады. Мұнда біз үшін көптеген тосын да тың деректер бар. Кітапты қазақшаға белгілі көсемсөзші, қаламгер Сауытбек Әбдірахманов аударыпты. Кітаптың желісі бойынша Бейбарыс сұлтанға қайта оралып, әңгіме өрбітуге себеп жеткілікті.

"Боранбаеваның «боранды» мәлімдемесіне басқарма байыппен тіл қатты" - Соңғы кездері қазақстандық имамдарға қатысты қаңқу сөз қамысқа тиген өрттей-ақ гулеп тұр. Алматылық Жанар Боранбаева деген бикеш дәл Алматының орталық мешітінің мекенжайына бағыштап, біраз жайсыз жаңалықтың шетін шығарғанда төбемізден жай түскендей болдық. Жанардың айтқанына сенсек, имамдардан иман кеткен. Мешіт қасындағы сауат ашу курсында оқып жүрген қыздарға діни дәріс оқитын ұстаздары «көз салады»-мыс. Көз салып қана қоймай сөз салатындар да бар. Олардың көбісі медреседе оқып жүрген 17-18 жасар қыздарды екінші немесе үшінші әйел етіп алуға құмар.

ABAI.KZ. "Қазақстандағы діни білім беру жүйесі қандай?" - Қазақстанда теолог мамандарды даярлау тек ислам діні бойынша ғана жүзеге асырылмайды, 1997 жылдан бері католик діни қызметшілерін даярлайтын «Мария – Шіркеу анасы» Епархияаралық Жоғарғы Діни семинариясы қызмет істейді. Аталмыш діни оқу орны Орта Азия бойынша жалғыз діни семинария болып табылады. Семинарияда оқыту мерзімі 8 жылды құрайды. Бүгінгі таңда Епархияаралық семинарияда 20 астам діни қызметші ғана даярланады. Бұл көрсеткіш шет елден келетін миссионерлер санынан да аз.

"Үш мың шенеунік үш алыпқа татымай отыр" - «Саясаткер мен мемлекеттік қайраткердің айырмашылығы: саясаткер келе жатқан маусымдық науқанға қызмет етеді, ал қайраткер халқының келешегіне қызмет етеді. Біріншісі – саяси ұпай жинау үшін қамданса, екіншісі – ұлттың ұпайы үшін қам жейді» депті Британияның атақты премьері Уинстон Черчилль. «Мемлекеттік қайраткер ұлт намысын бәрінен жоғары қояды» деген-тін Францияның экс-президенті Жорж Помпиду. Міне, осы тұрғыдан бағамдасақ, қазақта қайраткерден көрі, саясаткер көп сияқты бүгінде.

2 қыркүйек 2013, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.