ZHEBE.COM. "Ахмет Дағдуран: «Еуропа мен Америка жұртшылығы бізді «тюрк» деп емес, «түрік» деп таниды»" - Бүгінде түрік халықтарының ынтымағының, бірлігінің қажет екендігін мойындайтын саясатшылар аз емес. Алайда, сыртқы күштер бауырлас халықтардың арасын жақындатқысы жоқ. Дегенмен, әлемде 6 тәуелсіз түркі елі бар. Түбі бір жұрттың тұтастығын қалпына келтіру осы алтаудың еншісінде. Өкінішке қарай, «Алтаудың алалығы» қазір де бар.
«Қазақстанда 85-тен астам ұлт пен ұлыс тұрады» - Иә, солай. 140 та емес, 130 да емес, тіпті 100 этнос та жоқ көрінеді біздің елде. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының Қазақстан халқы тілдерінің XV фестиваліне арналған баспасөз маслихатында Қазақ елінде 85-тен астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұратындығы айтылды. Дұрысы, басқарма таратқан баспасөз релизінде солай жазылыпты.
"Жапония жолжазбасы" - Жапонияның бас қақпасы Нарита әуежайынан Токио қаласына қарай шыға берісте ең бірінші назарымды аударғаны әрі көзіме оғаш көрінгені жолдың екі жағасындағы тротуарларда әлемдегі барлық елдердің картасы мен туы болды. Кішкентай тастарды цементпен біріктіріп қойған сияқты көрінген, кафельдің көлемінен сәл үлкендеу тастардан құрастырылған тротуар.
JASQAZAQ.KZ. "Басыну" - Алматының іргесінде шіркеу қызметкері кәмелетке толмаған жетім балаларды шоқындырып, күшпен ұстап отыр
ZHASALASH.KZ. "Гүлжан Ерғалиева: “Халықтан жасырын түрде мемлекеттi монархияға айналдыру жұмыстары жүргiзiлуде”" - Adam reader’s журналы мен “guljan.org” сайтына билiктiң тарапынан қысым жасау әрекеттерi күнi бүгiнге дейiн тоқтамады. Осыған қатысты арнайы баспасөз мәслихатын өткiзген Гүлжан Ерғалиева 2012 жылдың желтоқсан айынан берi “guljan.org” сайты мен Adam reader’s журналын қудалау басталғанын айтты. Бiрде-бiр баспахана журналды басып шығаруға келiспеуiн – тiкелей билiктiң тапсырмасы деп мәлiмдедi.
"Жақсы деген немене? Жаман деген немене?" - Жаңаөзенде ереуiл болған күнi жоғары жақтан Бергейге телефон соқты. Мен сол күнi Бергейдiң қасында едiм. Кiмнiң телефон соққанын анықтап сұрамадым. Бiздiң Атырау облысында да адайлар аз емес қой. Бергейге “Адайларға сақ бол! Ереуiлшiлерге қосылып кетпесiн!” дептi. Содан Бергей бастап, бiр топ жiгiт қостап, үш-төрт күн қатарынан күндiз-түнi Атыраудың адайларымен “алыстық”: үгiт-насихат жұмысын жүргiзiп, үйлерiне барып, тыныштандырып, сабырға шақырып дегендей... Жалпы, Құдай өзi қайырын берсiн, Бергей туралы, оның iнiсi Аманжан туралы (Аманжан – Бергейдiң ағасы емес, iнiсi) көп өтiрiктер айтылды. Аманжан да – ағасы секiлдi ұлтжанды азамат. Берсе де – қазаққа беретiн, шашылса да – қазаққа шашылатын жiгiт. Ақын Маралтай Райымбектың поэзиялық кешiнде оған шетелдiк автокөлiк сыйлаған да – осы Аманжан. “Не үшiн сыйладың? Ақынның мерейтойы ма едi?” деп сұрағанымызда “Маралтайдың өлеңдерi маған ерекше жақын” деп жауап берген-дi.
AZATTYQ.ORG. "Назарбаев әулеті тойға дайындалып жатыр" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтанның үйленгелі жатқанын айтқан EurasiaNet.org сайты отбасы мүшелерінің қоғамдағы орны мен дәулетін де шолып өткен.
"Қазақстан - полицейлік елдер тізімінде 6-орында" - Зерттеуді АҚШ-тың Bloomberg компаниясы жүргізген. Тізімге халқының саны 5 миллионнан асатын мемлекеттер енгізілді. Әр 100 мың адамға шаққандағы полицейлер саны жөнінен Ресей көш бастап тұрса, Қазақстан 6-орынды иеленген.
"Ресейге азық-түлік экспорттаудан импорттау басым" - Қазақстандық кәсіпкерлер соңғы кездері Қазақстан нарығын Ресей тауарлары «басып алып жатыр» дейді. Ал қазақстандық өндірушілер Ресейде керісінше кедергіге көп ұшырайтындарын айтады.
"HRW өкілі Сириядағы химиялық шабуыл белгілерін айтты" - Барлық куәгерлер мен жараланған кісілерге көмек көрсеткен дәрігерлер ұқсас белгілерді сипаттайды. Адамдар тұншыққан, құсқан, көздері көрмей қалған, аяқ-қолдары тырысқан. Химиялық шабуыл туралы қорытынды жасауға керекті тағы бір фактор - жараланған кісілерді құтқару үшін көмекке келгендердің тартқан зардабы. Олар - дәрігерлер мен жараланғандарды эвакуация жасауға жәрдем берген адамдар. Оппозиция "химиялық бомбадан жараланған адамдарға жәрдемге келген алты дәрігер қаза тапты" деп мәлімдеді.
ALASHAINASY.KZ. "Қырық жылғы жарылыстың қасіреті толық зерттелді ме?" - Қырық жыл бойы қазаққа тірідей тәжірибе жасаған ядролық сынақтың жабылғанына – 22 жыл. Жиырма екі жылдан бері атом мен сутегі бомбасынан Жер-Ана да, оның бір перзенті – қазақ та аз-кем тыныстаған. Бомбалардың үні өшті. Бірақ қырық жыл бойына уланған Жер де, одан зардап шеккен жұрттың әлсіреген денсаулығы толық қалпына келген жоқ. Ядролық сынақ өткен жердің қалпына келіп, залалсыз болуы үшін 240 жыл қажет деген деректер де айтылады. Солай десек те, зерттеушілер ядролық сынақтан зардап шеккен 1 жарым млрд гектар жердің 5600 шаршы шақырымының зиянсыздығы туралы қорытындыны қарастыруда.
TURKYSTAN.KZ. "Көптің көңілін күпті еткен... Кедендік одақ Лукашенконы да қанағаттандырмайды" - Кедендік одақ мәселесіне қатысты талай басқосуда көбіне ресейлік тараптың мүддесі қорғалса да, қалған екі елдің өз уәжін ашып айтуына мүмкіндігі бола бермейтін. Бұған Минскіде, Санкт-Петербор қалаларында өткен мемлекет басшылары мен үкіметаралық келіссөздерді мысалға келтіруге болады. Дәл осындай алқалы жиында тек Ресей Белоруссия арқылы Қазақстанға, басқа мемлекеттерге кедендік баж салығынсыз өтетін тауардың күннен-күнге артқанын айтып көңілі толады. Нарықты Ресей мен Белоруссияның тауары жаулаған соң, отандық өнім тұншықпағанда қайтсін? Ал өзіміздің «бренд» деп санайтын бірді-екілі тауарды екі елге шығара алдық па? Көбіне саясаттан гөрі, экономикалық тұрғыдан тиімді делінген Кедендік одақтың қазақ тарапы үшін ұтымды тұсы қайсы?
EGEMEN.KZ. "Біреуге – көл, біреуге – шөл" - Әлемдік қаржы дағдарысы туралы сөз қозғала қалса әңгіменің бір ұшы бүгінде міндетті түрде Грекияға келіп тірелетін болып тұр. Оған себеп те жоқ емес сыңайлы.