
«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Экспорт-импорт банкінің төрағасы әрі атқарушы директоры Чэнь Хуайю мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Нұрлан Жақыпов аталған банктің Қазақстандағы стратегиялық жобаларды қолдаудағы маңызды рөлін атап өтті. Ынтымақтастықтың сәтті үлгісі ретінде екі негізгі жоба көрсетілді:
-
Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) — 2012 жылы Қытайдың Эксимбанкі мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысына 1,13 миллиард доллар қаржы бөлді.
-
Локомотив паркін жаңарту (ҚТЖ) — 2023 жылдың қазанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Қытайдың CRRC компаниясы 200 дизельді локомотив жеткізу жөнінде негіздемелік келісімге қол қойды. Бұл жобаны да Exim Bank of China қаржыландырады. Сондай-ақ жоба аясында Семей, Атырау, Маңғыстау облыстарында және басқа өңірлерде сервистік орталықтар салу көзделген.
Нұрлан Жақыпов Қордың банк тарапынан көрсетілген қолдауды жоғары бағалайтынын және екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
В Атырау +4