
Елорда тұрғыны көші-қон қызметіне ұлтын «беларусьтан” «неміс” ұлтына өзгерту туралы өтінішпен жүгінген. Атасының туу туралы куәлігінде «ұлты» деген бағанда арғы атасы мен әжесі де «неміс» деп көрсетілген. Бұл, оның пікірінше, жақын туыстары неміс ұлтынан болғанын растайды.
Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 65-бабына сілтеме жасай отырып, оның ұлтын өзгертуден бас тартты. Себебі туған кездегі ұлты ата-анасының ұлтына қарай белгіленеді және тек ата-ананың бірінің ұлтына өзгертілуі мүмкін. Алайда сот көші-қон қызметінің арызды қанағаттандырмағаны заңсыз деп танып, ведомствоның әрекеті Конституцияның және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің нормаларына қайшы келетінін атап өткен.
Конституциялық Сот ұлттық және халықаралық заңнама нормаларын, сот практикасын және шетелдік тәжірибені зерделей келе, ұлтын анықтау тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруімен байланысты және тек шығу тегіне ғана емес, басқа да мән-жайларға негізделетінін атап өтті. Ұлт адамның ішкі еркіндігін көрсете алады және құқықтық мәнге ие болады.
Талап қоюшының жақын туыстары немістер болған, саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ұлтын өзгертуге мәжбүр болған.
Сот талап қоюшының неміс қоғамдастығының қызметіне белсенді қатысып, неміс мәдениетін сақтауға және дамытуға үлес қосып отырғанын, оның ата-бабаларымен берік байланысын, өзінің этникалық ерекшелігін сақтауға ұмтылысын және істің мән-жайын ескере отырып, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту оның конституциялық құқықтарын бұзады деп тапты.
Нәтижесінде сот көші-қон қызметіне талап қоюшының арызын қанағаттандырып, ұлтын «беларусьтан” “неміс» ұлтына ауыстыруды міндеттеді.
В Атырау -3