Атырау, 16 шілде 16:13
 ашықВ Атырау +29
$ 525.87
€ 614.37
₽ 6.72

«Мама знает» жалған жөргектерінің таралу фактісі тоқтатылды

365 рет қаралды
gov.kz

2025 жылдың 25 сәуірінде «Мама знает» компаниясының өтініші негізінде Абай облысының Әділет департаменті «А» дара кәсіпкерлік субъектісіне қатысты «Мама знает» өнімінің тіркелген тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 3 519 000 теңгеге бағаланған 782 қаптама контрафактілік өнім анықталды. Тәркіленген өнімнің сапасы күмәнді және оның шығу тегі ресми құжаттармен расталмағандықтан, бұл құқық иесінің айрықша құқықтарының бұзылғанын көрсетті.

2025 жылдың 26 мамырында сот әкімшілік жауапкершілікке тарту және  құқық бұзушыға 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 117 960 (жүз он жеті мың тоғыз жүз алпыс) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Әділет органдары тұтынушылардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ете отырып, контрафактілік өнімді өткізу жағдайларын анықтау және жолын кесу жөніндегі өз жұмысын жалғастырады.

16 маусым, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.