Атырау, 7 желтоқсан 18:17
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Израиль мен Иранда қанша қазақстандық бар?

367 рет қаралды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Иран мен Израильдегі қазақстандық азаматтардың саны туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 маусым күні өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қазіргі уақытта Иранда 132, ал Израильде 219 Қазақстан азаматы жүргенін айтты.

«Біздің елшіліктеріміз екі елде де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Дипломаттар қазақстандықтармен тұрақты байланыста. Израиль мен Ирандағы азаматтарымыздан аса қажетсіз үйлерінен шықпауын, қауіпсіздік шараларын барынша сақтауын, сақтық танытып, жергілікті билік пен елшіліктердің нұсқауларын орындауын сұраймыз. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігімен және елшіліктермен үнемі байланыста болуларыңызды өтінеміз», – деді Смадияров.

Еске салайық, 13 маусымда Израиль Ирандағы ядролық және әскери нысандарға әуе соққыларын жасаған болатын. 

16 маусым, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.