Атырау, 7 желтоқсан 18:17
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Жыл басынан бері Қазақстанда 400 мың вейп жойылды

421 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда электрондық темекі құрылғыларының заңсыз айналымымен күрес бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп келеді. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша, вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді; 440 мыңнан астам бұйым тәркіленіп, жойылды; осы өнімдерді өндіруге арналған 6 бірлік жабдық алынды; тәркіленген өнімнің жалпы құны1,8 млрд теңгеден асты.

Тергеу нәтижесінде 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз қызмет  Telegram,  WhatsApp мессенджерлері және курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылған. Түскен табыстар «дроптар» арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Бұл өнімдердің негізгі тұтынушылары – жастар мен кәмелетке толмаған оқушылар екені алаңдатып отыр. Бұл заңсыз өнім өскелең ұрпақтың денсаулығына өте зиян.  

ҚМА вейптерді заңсыз сатумен кім, қай жерде айналысып жатқандығы белгілі болса бей-жай қарамай, хабарлауды сұрайды.  

Call-center: 1458 (кім хабарлағаны жария болмайды).

16 маусым, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.