Атырау, 7 желтоқсан 18:17
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстанда еңбек демалысының ұзақтығы өзгерді ме?

434 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Жаз мезгілінің басталуымен еңбек демалысы тақырыбы өзекті бола түсті. Осыған орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек демалысының ұзақтығы мен тәртібіне қатысты түсініктеме берді.

Министрлік өкілі Арман Өскенбайдың айтуынша, жыл сайынғы ақылы демалыс қызметкерлерге тынығып, күш жинап, жеке істерін реттеуге мүмкіндік береді. Демалыстың ең төменгі мерзімі — 24 күнтізбелік күн. Алайда еңбек кодексі мен басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Демалыс кезінде қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.

Кейбір мамандық иелеріне заңнамада арнайы демалыс мерзімі белгіленген:

  • мұғалімдер үшін — 56 күн,

  • азаматтық және мемлекеттік қызметшілер үшін — 30 күн.

Сонымен қатар ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда еңбек ететіндер мен І және ІІ топтағы мүгедектерге кемінде 6 күн қосымша демалыс беріледі.

Демалыс ұзақтығы күнтізбелік күндермен есептеледі. Егер демалысқа мереке күндері тап келсе, олар демалыс уақытына қосылмайды.

16 маусым, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.