Атырау, 7 желтоқсан 18:35
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Ресейге қарсы санкциялар Қазақстандағы АЭС құрылысына қалай әсер етпек

329 рет қаралды
Сурет: gov.kz

Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ресейге қарсы санкциялардың елде атом электр станциясын (АЭС) салуға теріс әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Информбюро.

Ведомствоның мәліметінше, консорциумды басқаратын "Росатом" санкциялық тізімге енгізілмеген. Болашақта санкциялар күшейген жағдайда тәуекелді азайту үшін шарттық тетіктер қарастырылған. Қазақстандық компаниялар санкциялық ескертпелерді қоса алғанда, ұқсас құқықтық құралдарды басқа да жобаларда қолданған.

"Әлеуметтік-гуманитарлық қажеттіліктер мен климаттық мәселелерге байланысты атом энергетикасы санкциялық тізімге енген жоқ", - деп атап өтті агенттікте.

Сондай-ақ агенттік "Росатом" қойылуы мүмкін деген санкциялар мен жабдықтарды жеткізу кедергілерінің сценарийлерін қоса алғанда, тәуекелдерді мұқият бағаланғанын да айта кетті. Мамандар санкциялық комплаенс мәселесі бойынша халықаралық заңгерлермен кеңесті. 

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысы бойынша жабдықтаушылармен жасалатын барлық келісімшарттарда тәуекелдерді азайту үшін санкциялық ескертпелер болатынын мәлімдеген болатын.

16 маусым, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.