Атырау, 7 желтоқсан 18:36
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жалған турагентті бас бостандығынан айырды

218 рет қаралды

Орал қаласында адамның туристік қызмет көрсету түрімен жасалған алаяқтық әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Орал қаласының тұрғыны анасын жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жалған туристік қызметін ұйымдастырған. Заңды бизнестің көрінісін жасай отырып, ол әлеуметтік желілерде жарнама орналастырып, клиенттермен ресми келісімшарттар жасап, фискалдық чектер берген және мессенджерлер арқылы байланыс жүргізген. Бұл азаматтардың оның қызметіне деген жалған сенімін қалыптастырған.

Алаяқтың құрбаны 15-тен астам адам болды, залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асқан.

Орал қалалық сотының үкімімен қаскүнем екі және одан да көп адамға қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге және 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

16 маусым, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.