
Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.
Жандос Шаймарданов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі: Ұлыбританиядағы Йорк университетін және Испаниядағы IE университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
-
2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен еңбек жолын бастаған.
-
2010–2013 жж. – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да менеджер.
-
2013–2014 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттің борышын басқару саясаты және қаржы секторының даму басқармасында бас сарапшы.
-
2014–2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
-
2016–2019 жж. – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да департамент директоры, басқарушы директор.
-
2019–2020 жж. – «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасы.
-
2020–2022 жж. – ҚР Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.
-
2022–2023 жж. – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.
-
2023–2025 жж. – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.
-
2025 жылғы 14 мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов атқарып отырған қызметінен босатылды.
В Атырау -3