Атырау, 14 ақпан 02:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Президент ExxonMobil басшысымен кездесті

646 рет қаралды
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдад, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

– ExxonMobil корпорациясының ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді;

– аталған компанияны Қазақстанның энергетика секторындағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады;

– мұнай-газ саласындағы бірлескен қызмет аясында көмірсутегі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды;

– еліміз корпорациямен ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі екенін айтты.

Даррен Вудс:

– Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы жобаларын табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді.

13 маусым 2025, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.