
Air Astana тобы Иран мен Ирактың әуе кеңістігінің жабылуына байланысты бірқатар тұрақты және чартерлік рейстердің маршруттарына өзгерістер енгізілгенін хабарлады.
Атап айтқанда, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Медина қалаларына ұшатын рейстер енді Иран мен Ирактың әуе кеңістігін айналып өтеді.
Air Astana жағдайды жіті бақылап отыр және алдағы өзгерістер туралы жолаушыларды дер кезінде хабардар етпек.
Компания жолаушыларға рейстерінің мәртебесін алдын ала тексеріп отыруды ескертеді, себебі ұшып шығу және келу уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін.
В Атырау -3