Атырау, 7 желтоқсан 18:35
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді

405 рет қаралды
видеодан скриншот

Павлодарда мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласындағы Мүткенов көшесінде “Қарасора” іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. 

Жеке тексеру кезінде оның үстінен екі полиэтилен орамға оралған тыйым салынған заттар табылды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша 6 орама мен бір пакет, сондай-ақ "зип" пакеттер, электронды таразы және орауға арналған құрылғы тәркіленді. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттардың салмағы 8 грамнан асатын синтетикалық есірткі болып шықты. Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істегенін мойындады. 

Ол есірткі заттарын жасырып кету арқылы таратуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК бойынша есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар анықталуда.


13 маусым, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.