Атырау, 7 желтоқсан 18:35
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды

521 рет қаралды
видеодан скриншот

Түркістан облысының табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Полиция департаментімен Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында балықты аса ірі көлемде заңсыз аулаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, тоқтатылды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
 
16 адам ұсталды, олардың қатарында осындай қылмыстар үшін бұрын сотталғандар да бар.
 
Қылмыстық топтың құрамында тікелей браконьерлер, заңсыз ауланған балықты тасымалдау және сату ісімен айналысқан логистер, сондай-ақ бұл қылмыстық әрекетті үйлестіріп отырған ұйымдастырушы болған.
 
Барлығы 12 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде бір тоннадан астам заңсыз ауланған балық, 12 қайық пен олардың қозғалтқыштары, 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді.
 
Алдын ала келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асты.
 
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

13 маусым, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.