Атырау, 8 желтоқсан 04:12
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Астана-Павлодар жолының ақылы бөлігі ыстықтан бұзылды

340 рет қаралды
Сурет: ҚазАвтожол

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ ө/п)" автожолының 1265-шақырымында цементбетон жабынының ақауларын жою бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.   

2025 жылғы 12 маусым сағат 18:30 шамасында "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ ө/п)" республикалық маңызы бар Іб санатындағы автожолының 1265-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуі (+33...+35 °C) салдарынан цементбетон жабынының плиталары көтеріліп кетті. 

Қазіргі уақытта жол қызметі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілерін орнатты. Учаскеге қажетті техника жіберіліп, жөндеу жұмыстары басталды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Жолшылар цементбетон жабынында пайда болған жырақтарды қайта жөндеп жатыр. Көтерілген бетонды алып, оның астындағы негізді қайтадан тегістеді. 

Қысқа уақыттың ішінде жолды қалыпқа келтіріп, қозғалыс қайтадан жаңартылмақ.

13 маусым, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.