Атырау, 8 желтоқсан 04:12
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жамбыл облысында 930 бала медициналық тексеруден өтпей қалған: прокурорлар заңбұзушылықтарды анықтады

373 рет қаралды
Фото: freepik.com

Жамбыл облысында прокурорлар кәмелетке толмағандарды медициналық тексеруден өткізу кезінде бұзушылықтар анықтады.
 

Жуалы ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау барысында медициналық мекемелердің балаларға профилактикалық медициналық тексерулер ұйымдастырмағанын анықтады.
 
Атап айтқанда, ағымдағы жылы Жуалы ауданының 7 білім беру ұйымында 930 кәмелетке толмаған бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген, бұл олардың кепілдендірілген медициналық көмек алу құқығын бұзу болып табылады.
 
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде балалар тексеруден өте бастады, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.

12 маусым, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.