Атырау, 8 желтоқсан 04:11
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Павлодарда балаларын қараусыз қалдырған ана жауапқа тартылды

298 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Павлодар қаласында 9 және 11 жастағы екі баланың бірнеше күн бойы қараусыз қалғаны анықталып, олардың анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Көршілердің айтуынша, балалар екінші күн қатарынан ересектердің қарауынсыз қалған. Аталған жағдай жөнінде полицияға хабарлама түскен соң, учаскелік инспекторлар мен ювеналдық полиция жедел түрде көрсетілген мекенжайға барған. Тексеру кезінде балалар расында да үйде жалғыз болғаны белгілі болды.

Полицияның мәліметінше, балалардың анасы еңбек демалысын таныстарымен бірге өткізіп, үйге оралмаған. Тәртіп сақшылары оның алкогольдік мас күйде болғанын да анықтады.

Балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олар уақытша түрде арнайы әлеуметтік қызмет орталығына орналастырылды. Қазіргі таңда балғындардың денсаулығы мен психоэмоционалдық жай-күйі мамандардың бақылауында.

Анасының әрекеті ата-аналық міндеттерді орындамау ретінде бағаланып, оның ісі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыру – тек заң бұзушылық қана емес, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін еске салады.

12 маусым, 13:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.