Атырау, 8 желтоқсан 04:15
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

2024 жылы Қазақстан 15 млн-нан астам шетелдік туристі қабылдады

286 рет қаралды
Фото: freepik.com

2024 жылы Қазақстанға 15 млн-нан астам шетелдік турист келді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады. Сонымен қатар ішкі туризм де айтарлықтай өсті: 10 млн-нан астам қазақстандық ел бойынша белсенді саяхаттады.

Ведомство басшысы соңғы жылдары Қазақстан шетелдік туристер үшін анағұрлым ашық елге айналғанын атап өтті. Бүгінде 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады. Әуе қатынасы кеңейіп келеді. «Ашық аспан» саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл тағы 32 маршрут жоспарланып отыр.

10 маусым, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.