Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда жаңа үйлер бір жылда 30%-ға қымбаттады: Қазақстан бойынша да баспана бағасы өсуде

560 рет қаралды


Бір жылдың ішінде Қазақстанда жаңа үйлердің бағасы орта есеппен 7,2%-ға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

2025 жылдың мамырында жаңа баспананың бір шаршы метрі елімізде орта есеппен 521,6 мың теңге болды. Былтыр дәл осы уақытта бұл баға 486,5 мың теңге еді. Ең жоғары өсім Атырауда тіркелді — жаңа пәтерлердің бағасы бір жылда 30%-ға өсіп, 394 мыңнан 512 мың теңгеге жеткен.

Семейде баға 453,8 мың теңгеге жетіп, бір жылда 23%-ға өскен (былтыр — 367,5 мың тг).

  • Павлодарда — 22,6%-ға өсіп, 345 мыңнан 423 мың теңгеге дейін қымбаттаған.

  • Ал Петропавл, Орал және Түркістанда жаңа үйлердің бағасы сәл төмендеген: сәйкесінше -0,5%, -0,5% және -3,4%.

Қолданыста болған (екінші нарықтағы) пәтерлер де қымбаттаған — орташа өсім 6,9>#/strong###. Қазір бұл нарықта бір шаршы метрдің бағасы 541,9 мың теңге, ал былтыр — 506,8 мың теңге болған.

Ең көп өсім:

  • Ақтөбеде — +17,6% (290,7 341,8 мың тг),

  • Павлодарда — +13,3% (370,6 419,7 мың тг),

  • Алматыда — +12,9% (582,9 658,2 мың тг).

Керісінше, баға төмендеген өңірлер:

  • Қарағанды — -0,8%,

  • Өскемен — -3,4%.

Жалдамалы тұрғын үй де қымбаттап жатыр. Орта есеппен жалдау ақысы 5,8%-ға өсіп, бір шаршы метрі 4496 теңгеге жетті (былтыр — 4250 тг).

Ең көп өсім:

  • Семей — +24% (2763 3438 тг),

  • Ақтөбе — +21% (2389 2897 тг).

Мамыр айында Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков әлеуметтік баспананың бағасына ҚҚС өсімі әсер етпейтінін айтты. Себебі әлеуметтік тұрғын үйлердің сметалық құны мемлекет тарапынан 80% деңгейінде бекітіледі және оның есебінде ҚҚС қарастырылмаған.

9 маусым, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.