Атырау, 8 желтоқсан 04:15
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Еңбек министрлігіне жаңа вице-министрлер тағайындалды

322 рет қаралды
gov.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ертаев Асқарбек Маратұлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып, ал Шегай Виктория Вельгельмовна Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Еңбек министрлігінде өткен аппарат отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова мәлімдеп, жаңа вице-министрдің алдына бірқатар міндеттер қойды.

Асқарбек Ертаев бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған.

Вице-министр болып тағайындалғанға дейін Виктория Шегай Еңбек министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментін басқарған. Сондай-ақ, әр жылдары ол «МЖЗҚ» ЖАҚ, «БЖЗҚ» АҚ, «МӘСҚ» АҚ және Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді.

«Сіз біздің министрлікте ұзақ уақыт жұмыс істеп, ең күрделі басқармалардың бірін басқардыңыз. Вице-министр ретінде сіз азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру бойынша жұмысты қадағалайтын боласыз. Сондай-ақ халықты әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және инклюзивті саясатты қалыптастыруға жауапты боласыз», – деді жаңа вице-министрді таныстырған Светлана Жақыпова.

9 маусым, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.