Атырау, 10 желтоқсан 01:40
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

"«Жаңаөзендегі азаптау оқиғаларын тексеру қиын»". "Еуразиялық экономикалық одақ – Тәуелсiздiкке төнген қатер!". "Ресейдің Кедендік одақ атынан «азық-түлік» майданын жариялауға құқығы бар ма?".

1 821 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Жаңаөзендегі азаптау оқиғаларын тексеру қиын»" - Польша астанасы Варшава қаласында орналасқан Open Dialog Foundation  («Ашық Диалог Қоры») халықаралық үкіметтік емес ұйымы Жаңаөзен оқиғасынан бері Қазақстанда адам құқықтарының сақталу барысын зерттеп келеді. 2011 жылдың желтоқсанында Жаңаөзендегі мұнайшылар шеруін тарату кезінде 17 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алған еді.

"Бангладеш медреселеріндегі қырғыз шәкірттер" - Соңғы кездері Қырғызстаннан Бангладешке кетіп жатқан қырғыз жасөспірімдер көбейген. Сарапшылар олардың радикалды ағымдарға қосылатынын айтады.

ZHASALASH.KZ. "Еуразиялық экономикалық одақ – Тәуелсiздiкке төнген қатер!" - Осыдан бiрнеше күн бұрын Қазақстан Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Қайрат Сарыбай Еуразиялық экономикалық одақ құру жөнiндегi келiсiм құжаттары 2014 жылдың 1 мамырына дейiн дайын болады деген мәлiмдеме жасады. Бұл құжаттар дайын болған соң 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел аумағында Еуразиялық экономикалық одақ өз күшiне енедi. Еуразиялық интеграция мәселесiмен айналысудың қарқыны сондай, тiптi Сыртқы iстер министр­лi­гi­нен осы мәселемен айналысатын арнайы департамент те құрылып қойғаны хабарланды.

AIKYN.KZ. "Украина қай одаққа өтпек?" - Қазіргі күні Украина билігі мен бақ құралдары үшін мемлекеттің Кеден, әлде Еуроодақпен бірігу жайы ең өзекті әрі ең өткір мәселе болып тұрғаны рас. Кез келген баспа бетін ашып, радио толқыны,  телеарнаны қоса қалсаңыз болғаны: «Украинаның шығыс, әлде батыспен  байланысын арттырған жөн?» сынды тақырыпты талқылау сәнге айналды.

"Қырғыз жақтан қауіп бар" - Ыстықкөл – қырғыз елінің мақтанышы. Ол әлемдегі ірі 25 көлдің бірі, ал тереңдігі жағынан жетінші орында. Бұл жерге демалуға баратын жұрттың 75 пайызын қазақстандықтар құрап, ол ел бюджетінің басым бөлігін толықтыратын. Биыл осы көлдің қадірі кетті, оны осы деңгейге жеткізген көршілердің өзі. Қайталана беретін төңкеріс, тіпті жазда орын алған Ыстықкөл маңындағы тұрғындар арасындағы төбелес, туристерді тонау біраз жұрттың жүйкесін жұқартты. Әрі көлдің суы шілде айында да жылымайтындықтан, суық тиіп ауырғандар көп. Олардың біразы Ыстықкөл зардабынан арылу үшін Алакөлге барып қайта емделді.

"Ендігі ахуал не болмақ? Жағадан дефляция алды" - АҚШ федералдық қаржы жүйесі 2007 жылдың тамызына дейін 6 пайыздық үстемемен қоректендірген долларды күні бүгінге дейін 0,25 пайыздық ставкаға «байлап қойған». Біле-білген адамға мұның өзі – демпинг. Доллар осылайша құнсызданған соң оған қарсы бүкіл әлем өз валютасын құнсыздандыру жолына түсті. Бұл да – демпинг. Еуроодақтың өзі кезінде бір доллар 46 центке бағаланған евроны қазір бар болғаны 1 доллар 33 центке сатып жатыр. Бұл да –демпинг. Демек, еуроаймақтағы дефляция үшін белгілі бір мемлекеттер емес, бүкіл әлем «айыпты». Сол айыптылардың арасында, дәлірек айтсақ, белортасында Еуробанктің өзі де бар. Кінәліні сырттан іздеудің қажеті шамалы. Болар іс болған соң, одан құтылудың жолын табу маңыздырақ. Біз білетін жалғыз жол бар, ол – бір евроны бір долларға сату. Сонда дефляция толық жойылады. Еуропаның орталық банкі мұндай қадамға бара ма? Оларды мұндай қадам жасауға АҚШ федералдық қаржы жүйесі жібере ме? Міне, гәп неде?

ALASHAINASY.KZ. "Ресейдің Кедендік одақ атынан «азық-түлік» майданын жариялауға құқығы бар ма?" - Өткен аптада Ресейдің Орталық банкі «Қазақ­стан мен Белоруссия банкілермен күмәнді операциялар жасаудан аулақ болу керектігі» жөнінде кеңес берді. Жуырда ресейліктер бір­қатар қазақстандық шырын өндіруші кәсіп­орын­дардың өнімдерін сапасыз деп тауып, оның Ресейге тасымалдануына тыйым салу қажеттігін ескертті. Оған дейін Россельхознадзор Кедендік одақ сарапшыларының Түркияның сүт және ба­лық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарына тек­серу жүргізетінін мәлімдеген болатын. Бұл сарап­тамалық комиссияның құрамында қазақ­стандық мамандардың болмайтыны түсінікті. Алайда медициналық қорытынды Кедендік одақтың атынан шығарылады. Қазақстанның мүд­десі үшін Түркиямен арадағы экономикалық байланысты үзу емес, керісінше, нығайта түсу маңызды. Оның үстіне саясатпен былғанған Ресей­лік санитар­лардың сарап­тамасының дең­гейіне жиі көз жеткізіп жүрміз.

"Мұғалімнен оқушының сауаттырақ екенін министрдің өзі мойындады" - Министр мырза бұл жағдайдың баланың айналадағы дүниені ұстаздың көмегімен емес, компьютер арқылы тануға әкеліп соқтыратынын жақсы біледі. Ал ғаламторда құнды ақпараттармен бірге жас­тар­дың санасына кері әсер ететін жайт­тардың да көптеп кездесетінін ұмытпау қажет. «Сон­­дықтан әрбір педагог, біріншіден, за­манауи желілік коммуникациялық техноло­гияларды жоғары деңгейде меңгеруі тиіс.

"«Қиын қыздар» деген қасірет шықты" - Тентегін тыйып ұстаған кешегі ата-бабаларымыздың тәрбиесі бүгінгіге жүрмейді. Бүгінде ата-ананы тыңдамайтын, әкенің жағасына жармасқан ұл, шешенің бетінен алған қыз өсіп келеді. Тәртіп тіні үзіліп, қоғамның қасіретіне айналған қиын балалар аз емес. ҚР ішкі істер министрінің мәліметтеріне сүйенсек, арнайы базада тіркелген қиын балалардың тізбегі бүгінде 6 мыңнан асып кетіпті. Ал елімізде жыл сайын 7 мыңнан астам қылмыс жасөспірімдердің қолымен жасалатыны анықталып отыр. Қазір сол жас тентектерге арналған арнайы түрмелердің саны да артып келеді. Еліміз бойынша олардың саны төртке жетті.

ZHEBE.COM. "«Қазақстанда салынатын АЭС құнының қанша болатындығы белгісіз»" - Алдын ала жасалған бағалаулар бойынша, Қазақстандағы АЭС-ның бір энергоблок құрылысы мемлекет бюджетіне 5 млрд АҚШ долларына түсуі мүмкін. Бұл жерде АЭС құнына радиоактивтік қалдықтар мен пайдаланылған ядролық отынды сақтауға және өңдеуге, сонымен қатар өз ресурстарын тауысқан атом реакторларын істен шығаруға жұмсалатын шығындар кірмейді.

SERKE.ORG. "Қазақ ұлтшылдарының құрылтайына қауіп төніп тұр" - Ұлтшыл саясаттанушының дипломаттарға тән сөзі басқа ұлтшылдарға берілген белгі іспетті есітілді. Ғабиден Жакей бастаған ұлтшыл топтың ізгі бастамасын басқа ұлтшылдар да іске алғысыз ете бастады. Мұхтар Тайжан «Меня многие спрашивают, имею ли я отношение к этому мероприятию. Отвечаю, к этому мероприятию я отношения не имею» деп, кесімді көзқарасын білдіріп, құрылтайдан бойын аулаққа салды.

28 тамыз 2013, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.