Атырау, 8 желтоқсан 04:57
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша 500-ден астам инвестициялық жоба инвесторлар тізіліміне енгізілді

210 рет қаралды
Фото: freepik.com

Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып сүйемелдейді, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Осы жұмыс аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпараттың шынайы көрсетілмеуіне байланысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Яғни бірқатар өңірлерде (жалпыұлттық пулға 150 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалар енгізіледі, қалғандары өңірлік пулдарға кіреді) жалпыұлттық және өңірлік пулдарда өзектілігін жоғалтқан инвестициялық жобалар тіркелген.

Абай және Ақмола облыстарында бекітілген өңірлік инвестициялық жобалардың пулдары мүлде болмаған.

Бас прокуратураның ұсынысы бойынша бұл кемшіліктер жойылды.

Инвесторлар тізіліміне 7 трлн теңгеге 250 инвестициялық жоба енгізілді, өңірлік пулға қосымша 290 жоба енгізілді.

Сонымен қатар 136 өзектілігін жоғалтқан жоба тізілімнен алынып тасталды.

Жол берілген заңбұзушылықтар үшін мемлекеттік органдардың 6 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Назарларыңызға саламыз: егер Сіз инвестициялық жобаны іске асырып жатсаңыз, онда жобаңызды инвесторлар тізіліміне енгізу туралы өтінішпен жергілікті әкімдікке немесе «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ға жүгіне аласыз.

Тізілімге енгізу жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде сүйемелдеу мен «прокурорлық сүзгі» аясында құқықтық қорғауды қоса алғанда, бірқатар артықшылықтар береді.

Бұл - мемлекеттік қолдауға ие болып, бизнесіңіздің тұрақтылығын арттырудың нақты мүмкіндігі.

9 маусым, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.