Атырау, 7 желтоқсан 11:59
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

2 миллион теңге бопсалаған: Атырауда блогер әйел мен оның сыбайласы ұсталды

Бейнежазба
2 017 рет қаралды

Атырау қаласында 33 және 39 жастағы екі адам кәсіпкерден ақша бопсалағаны үшін ұсталды. Күдіктілердің бірі әйел-блогер болып шықты. Тергеу мәліметіне сәйкес, олар жергілікті кәсіпкерден бір ұйымның қызметіне қатысты компроматтық бейнематериалды таратпау үшін 2 миллион теңге талап еткен.

Кәсіпкерден бүкіл соманы алғаннан кейін, олар ғайып болуға тырысқан, бірақ көп ұзамай тұрғын үй ауласында ұсталды. Жеке тінту кезінде олардың қолынан толық көлемде ақша табылды. Сонымен қатар, полицияның мәлімдеуінше, күдіктілердің бірі қамауға алу кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған.

«Ақ Жайық» басылымының ішкі дереккөздері хабарлағандай, ұсталған азаматша - Құндыз ИДРИСОВА. Екіншісінің аты-жөні белгісіз, бірақ жасырылған жерден ақшаны алған сол. Қазір екеуі де Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша бопсалау және билік өкіліне күш қолдану баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбай отыр.

Еске салайық, бұған дейін де бір блогер осындай қылмыс жасағаны үшін 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылған болатын.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

5 маусым, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.