Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Каспийде пайда болған арал ​табиғат ғажайыбы ма, әлде апат бастамасы ма?​​

1 023 рет қаралды
Сурет: punkt-a.info

Астрахан қорығының ғалымдары Каспий теңізінде пайда болған жаңа аралға байланысты көңіл көншітпейтін болжам жасады. Бұл табиғи құбылыс өңір экологиясына төнетін үлкен өзгерістердің белгісі болуы мүмкін, деп хабарлайды ПУНКТ-А.

2024 жылдың қарашасында ғарыштық түсірілімдерден байқалған, бұрын "Средняя Жемчужная" деп аталатын су асты төбешігі енді толыққанды аралға айналды. Бұл деректі Астрахан мемлекеттік қорығы мен Ширшов атындағы Мұхиттану институтының Каспий филиалының экспедициясы растады.

Алайда мамандар бұл құбылысты Каспий теңізі деңгейінің төмендеуімен байланыстырады. Аралдың пайда болуы табиғи байлықтардың азаюына және экожүйенің бұзылуына әкеп соғатын өзгерістердің көрінісі ретінде бағаланып отыр.

Бұрын теңіз суы жоғары деңгейде болып, Жайық пен Еділден құйылатын суды қолдап отырған. Қазір бұл қолдау азайып, Волга дельтасының алдыңғы бөлігі құрғап, батпақ пен қамыс басқан алқаптарға айналуда. Мұндай орта су жануарлары мен құстар үшін қолайсыз, ал балық шаруашылығы үшін қауіпті.

Жазда судың таяздығы оның қатты қызуына себеп болып, тірі организмдер өмір сүре алмайтын жағдай туындайды. Ғалымдар бұл үрдіс жалғаса берсе, дельтадағы ериктер (ұсақ сағалар) жойылып, өрт қаупі артады деп болжайды.

Жаңа арал кейбір сирек кездесетін құстар мен Каспий итбалықтары үшін мекен болуы мүмкін. Бірақ ғалымдар бұл үмітке қарамастан, жалпы жағдайдың күрделеніп жатқанын ескертеді. Аралдың пайда болуы – экожүйедегі терең өзгерістердің алғашқы белгісі болуы мүмкін.

5 маусым, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.