Атырау, 20 наурыз 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63

Қазақстанға былтыр әкелінген жабайы жылқылар 4 маусымда табиғатқа босатылды

273 рет қаралды
Фото: freepik.com

Бұл — 2024 жылғы маусымда әкелінген алғашқы 7 керқұлан. Жануарлар бір жыл мамандардың бақылауында жартылай ерікті жағдайда ұсталып, ойдағыдай ортаға бейімделіп үлгерді.

Жылқылар Торғай даласындағы -30 °C аязда алғашқы қыстан аман-есен шықты, үйренді, ветеринарлық тексерулерден өтті. Табиғатта жануарлардың қозғалысын бақылап отыратындай, Умбре мен Веспе деген екі биеге GPS-қарғыбау тағылды.

Босатылған жылқыларды қорғау жұмысын «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары орындайды.

Мамандар табиғи ортада жануарлардың мінез-құлқын зерттеуді және мониториңді жалғастырады.

«Керқұландардың алғаш тобын Орталық Қазақстанның жабайы табиғатына жіберу — түрді тарихи мекенінде қалпына келтіру жобасын іске асырудағы маңызды қадам. Реинтродукция орталығында сәтті өткен жануарлардың жыл бойғы тұрмысы — мамандар мен мал дәрігерлері командасының еңбегінің нәтижесі», — дейді АСБК атқарушы директоры Вера Воронова.

5 маусым 2025, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.