Атырау, 8 желтоқсан 04:57
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қарағанды ​​облысында 15 жастағы қызын анасы 38 жастағы ер адамға ұзатты

301 рет қаралды

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қыздың тағдыры талқыға түсті. Tengrinews.kz хабарлауынша, облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта ананы құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр. Себебі, ол азаматтық некедегі серігімен бірге 15 жасар қызын 38 жастағы еркекке тұрмысқа берген. 

Бұл іс бойынша күдікке ілінген ер адам қазір қамауда. Ал қыздың биологиялық әкесі қызының болашағы үшін алаңдап, оны өз қамқорлығына алғысы келеді. Ол қызына анасы тарапынан қысым жасалуы мүмкін деп қауіптенеді. Абай қаласында орын алған бұл жағдай қоғамды дүр сілкіндірді. 

Некелескеннен кейін бес күн өткен соң, қыз әкесінің үйіне қашып барып, дереу құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Мектептегі ұстаздары да жасөспірімнің тағдырына алаңдаушылық білдірді.

"Қызды күйеуге берген. Бұл туралы қыздың өзі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда мәлімдеді. Бес күн бойы бала үйіне қайтпаған. Анасы полиция органдарына шағымданбаған. Комиссия осы жағдай бойынша сотқа талап арыз беруді ұйғарды", - деді Абай аудандық білім бөлімінің бас маманы Марина Стрельникова.

Билік өкілдеріне шағымданғаннан кейін комиссия қыздың анасын сотқа беруді ұйғарған, сот оны ата-ана құқығынан айыруы мүмкін. 

5 маусым, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.