
Семей гарнизонының әскери сотына ҚР ҚМ «Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ-і бұрынғы әскери қызметші М.-ның оқуы үшін жұмсалған 1 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын өндіру туралы өтінішпен жүгінді.
Іс материалдарынан анықталғандай, бұрынғы әскери қызметші М. ҚР ҚМ Құрлық әскерлері әскери институтында оқу кезеңінде оқу мерзімі мен оқу орнын аяқтағаннан кейін 10 жыл әскери қызмет атқару туралы келісімшарт жасасқан. Алайда, 2024 жылғы шілде айында М. теріс себептермен әскери қызметтен босатылған. Келісімшарт талаптарының бұзылуына байланысты өтініш беруші соттан оқуға жұмсалған қаражатты өндіруді сұрады.
Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабының 10-тармағына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығымен бекітілген «Әскери оқу орындарында, әскери факультеттерде әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу ережелері» негізінде, сот М.-дан мемлекет пайдасына 1 млн теңгеден астам бюджет қаражатын өндірді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау -2