Атырау, 8 желтоқсан 15:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Астана мен Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері смарт-бейнежетондармен жабдықталуда

434 рет қаралды

Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем фельдшерлерінің қауіпсіздігін арттыру мақсатында смарт-бейнежетондар енгізілген пилоттық жоба іске қосылды. Бұл құрылғылар медициналық қызметкерлерге шақыртулар кезінде туындайтын қауіп, жанжал немесе агрессия жағдайында заңды қорғаныс механизмін қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда бейнежетондар екі қалада сынақ режимінде қолданылып жатыр. Құрылғыларда SOS батырмасы, геолокация, ауысым соңында автоматты жазба алу мүмкіндігі бар және олар орталықтандырылған қауіпсіз жүйеге қосылған. Қазірдің өзінде 3 мыңнан астам шақыртуда осы жүйе пайдаланылған.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов бұл жобаның медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін арттыратынын атап өтті.

Ал «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин бейнежетондар тек цифрлық құрал ғана емес, ашықтық пен сенімділікті арттыратын шешім екенін айтты. Жүйе пациенттердің де, фельдшерлердің де құқықтарын сақтай отырып, кәсіби көмек көрсетілуіне кепіл болады.

Жүйенің толық іске қосылуы үшін жабдық орнатылып, қызметкерлерге нұсқаулық берілді. SOS және бейнесигналдар тікелей ІІМ жедел басқару орталығына түседі.

Пилоттық кезеңнің нәтижесі бойынша, жоба Қазақстанның басқа өңірлеріне де таралуы мүмкін. Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ және Samsung компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылуда.

2019–2023 жылдары қызметтік міндетін атқару кезінде 158 медицина қызметкеріне шабуыл жасалған. Оның 80-і 2023 жылы, ал 2024 жылдың өзінде 12 жағдай тіркелген.

4 маусым, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.